Оқу материалы

Автор: Super User. Опубликовано в Аттестация

Заңгер

 

Тақырыптары:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері. Пациенттердің құқықтары мен міндеттері. Медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері.
  2. Медициналық қызметкердің құпиясы (Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі). Медициналық қызметкерлерді қорғау (Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі).
  3. Корпоративтік этика кодексі. Этикалық Кодекс. Пациент құқығы мен қызметкерлер эткасын сақтау ережелері. Этикалық комиссия туралы Ереже. «Этикалық комиссияға хабарласу және этикалық нормалардың бұзылу фактілерін қарастыру тәртібінің алгоритмі» СОП
  4. Еңбектік дауы. Келісім комиссиясы.

 

 

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері. Пациенттердің құқықтары мен міндеттері. Медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері. Медициналық қызметкердің құпиясы. Медициналық қызметкерлерді қорғау (Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі).

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-тарау 77 бабы - «Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары» және 134 бабы - «Пациенттер құқығы».

77-бап - «Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары»:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтары құқығы бар:

      1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге;

      3) дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауға;

      4) пациент стационар жағдайында емделуде болған жағдайда емдік тамақ алуға;

      5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздер есебінен қосымша медициналық көмекке;

      6) ақылы негізде медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді алуға;

      7) көрсетілімдер болған кезде бюджет қаражаты есебінен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде медициналық көмек алуға;    

         8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыратын тиісті құжаттарды алуға және олардың берілуіне;

      9) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурудың профилактикасы, оны диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту әдістері, клиникалық зерттеулер, мекендеу ортасының жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар, дұрыс тамақтану мен тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы анық ақпаратты өтеусіз және тұрақты түрде алуға;

      10) мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сараптама ұйымдарынан және дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;

      11) медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтердің қорғалуына;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне медициналық көмек көрсету кезінде денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына;

      14) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға;

      15) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы жоғары тұрған органдарға өтінішхат беруге;

      16) донор ретінде әрекет ету мүмкіндігі туралы ерікті түрде ерік білдіруге;

      17) қайтыс болғаннан кейін осы Кодексте айқындалған тәртіппен трансплантаттау мақсатында өздерінен тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бөлігін) алуға келісу не алудан бас тарту туралы ерік білдіруге;

      18) емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға;

      19) бірлесіп төлеуге;

      20) жазылмайтын созылмалы ауруларды емдеу кезінде ауырсынуды басатын ем алуға;

      21) денсаулық жағдайы туралы ақпаратты, оның ішінде медициналық зерттеп-қарау нәтижелері, диагнозы туралы және аурудың болжамы, медициналық көмек көрсету әдістері, олармен байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал түрлері, оның салдарлары мен медициналық көмек көрсету нәтижелері туралы мәліметтерді қолжетімді нысанда алуға;

      22) аурулардың профилактикасы туралы ақпаратты қоса алғанда, денсаулықты сақтауға ықпал ететін немесе оларға жағымсыз әсер ететін факторлар, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, қоршаған ортаның жай-күйі, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам денсаулығы үшін ықтимал қауіптілігі, тамақтанудың ұтымды нормалары, өнімнің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі туралы анық және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар;

      23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.

134-бап. Пациенттердің құқықтары

  1. Пациенттің осы Кодекстің 12-тарауындакөрсетілген құқықтардан басқа:

      1) профилактика, диагностика, емдеу процесінде өзіне лайықты қарауына, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;

      2) қандай да бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық өлшемшарттар негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмекке;

      3) шұғыл және кезек күттірмейтін көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрігерді немесе медициналық көмек ұсынатын медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;

      4) медициналық ұйымда аудио-, және (немесе) бейнебайқау және жазба жүргізілетіндігі туралы құлақтандырылуына;

      5) медициналық технологиялардың қолда бар деңгейінің қаншалықты мүмкіндігі болса, сондай шамада дерт азабының жеңілдетілуіне;

      6) өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпарат (пациентке қолжетімді нысанда ұсынылатын және балама емдеу әдістерінің ықтимал тәуекелі мен артықшылықтары туралы деректер, емделуден бас тартудың ықтимал салдары туралы мәліметтер, диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпарат, сондай-ақ оны үйіне шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерінің түсіндірмесі) және тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізілуіне;

      7) көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған адамдар үшін қолжетімділік ескеріле отырып, өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы көрсетілетін қызметтердің құны және бірлесіп төлеу мөлшері, олардың ұсынылу тәртібі; тағайындалатын дәрілік зат; өзіне медициналық қызметтер көрсететін медицина қызметкерлері туралы ақпаратты алуға;

      8) оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік-диагностикалық емшаралардың жүргізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы;

      9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.

  1. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылады.
  2. Медициналық көмек медициналық көмек алуға пациенттің хабардар етілген келісімі алынғаннан кейін ұсынылады. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің хабардар етілген келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.
  3. Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Денсаулығының жай-күйі туралы ақпарат пациенттен оның денсаулығының жай-күйі ескеріле отырып, жасырылуы және пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.
  4. Пациенттердің құқықтарын қорғауды мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

135-бап. Пациенттердің міндеттері

  1. Пациент осы Кодекстің 12-тарауындакөрсетілген міндеттерден басқа:

      1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;

      2) медицина қызметкерлерімен қатынаста құрмет пен сабырлық танытуға;

      3) ауруға диагноз қою және оны емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлауға; медициналық араласуға келісім бергеннен кейін медицина қызметкерлерінің тағайындауын мүлтіксіз орындауға;

      4) медициналық көмек алу кезінде медициналық ұйымның ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медицина персоналымен ынтымақтастықта болуға;

      5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік туындаған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлеріне уақтылы хабарлауға;

      6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

  1. Пациенттердің осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген міндеттері стационарда ауру балаға күтімді тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.

271-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің міндеттері

  1. Медицина және фармацевтика қызметкерлері қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және медициналық этика мен деонтология қағидаттарын басшылыққа ала отырып:

      1) аурулар профилактикасына, денсаулықты нығайтуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының халқы арасында саламатты өмір салтын насихаттауға;

      2) өзінің біліктілігіне, қызметтік және лауазымдық міндеттеріне сәйкес медициналық көмек көрсетуге;

      3) қажет болған жағдайларда консультация үшін басқа бейіндегі немесе біліктілігі неғұрлым жоғары мамандарды тартуға;

      4) медицина қызметкері құпиясын ұстауға және сақтауға, пациенттің аурулары, интимдік және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге;

      5) кәсіптік деңгейін үздіксіз арттыруға;

      6) Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын ұлттық есепке алу жүйесінде тіркелуге;

      7) дәрілік заттарды тағайындаған кезде, пациенттің жеке көтере алмау жағдайларын қоспағанда, тиісті медициналық көрсетілімдер болған кезде өз құзыреті шегінде халықаралық патенттелмеген атауларымен дәрiлiк заттарға рецептілер жазып беруге міндетті.

  1. Медицина және фармацевтика қызметкерлері, медициналық ұйымдардың басшылары:

      1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарнамалауға қатысуға;

      2) өзі көрсететін қызметтер үшін сыйақы алуға жеке мүдделі болу мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізетін белгілі бір объектілерді пациенттерге ұсыным жасауға;

      3) күн сайынғы дәрігерлік конференциялар, ғылыми-практикалық конференциялар және (немесе) мамандандырылған семинарлар өткізуді қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің өкілдері және (немесе) дистрибьюторлар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілетуге құқылы емес.

273-бап. Медицина қызметкері құпиясы

  1. Дербес медициналық деректер, медициналық көмекке жүгіну фактісі, адам денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат және оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер медицина қызметкері құпиясын құрайды.
  2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайлардан басқа кезде, медицина қызметкері құпиясын құрайтын мәліметтерді оқу, кәсіптік, қызметтік және өзге де міндеттерді орындау кезінде бұлар өзіне белгілі болған адамдардың жария етуіне жол берілмейді.
  3. Пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен медицина қызметкері құпиясын құрайтын мәліметтерді ғылыми зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқу процесінде пайдалану үшін беруге жол беріледі.
  4. Медицина қызметкері құпиясын құрайтын мәліметтерді адамның келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:

      1) заңды өкілі болмаған жағдайда, өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз адамды зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;

      2) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері кезінде, оның ішінде қан, оның компоненттерінің донорлығы, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау кезінде;

      3) тергеп-тексеру немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұрау салуы бойынша;

      4) кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкіліне хабар беру үшін;

      5) Қазақстан Республикасы азаматының денсаулығына зиян құқыққа қарсы іс-әрекеттер салдарынан келтірілді деп ұйғаруға негіздер болған кезде;

      6) адамның психикалық ауытқушылықтары мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділігі анықталған кезде;

      7) медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасына мемлекеттік бақылау, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу кезінде;

      8) "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен прокуратура органдары тексерулер жүргізу кезінде;

      9) қарсы барлау қызметінің міндеттерін шешу мақсатында арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша жол беріледі.

  1. Мыналар медицина қызметкері құпиясын жария ету болып табылмайды:

      1) электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке және мерзімдерге сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына сақтауға беру, бұған мұндай электрондық ақпараттық ресурстар барлау, қарсы барлау қызметімен және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларымен байланысты, берілуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ақпаратты қамтитын жағдайлар кірмейді;

      2) медициналық көмек көрсету және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жүзеге асыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ақпарат алмасу.

  1. Қан мен оның компоненттерінің, ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) донорлығымен, сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар есепте тұрған адамдардың жай-күйі туралы медициналық құпияны құрайтын электрондық құжат нысанындағы ақпаратты беру жөніндегі сұрау салуларымен байланысты жағдайлардан басқа кезде, олардың жеке өміріне қатысты дербес медициналық деректерді пайдаланғанда, жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды басқа дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне жеке тұлғалардың келісімінсіз қосуға жол берілмейді.
  2. Пациенттің денсаулығы туралы деректер медицина қызметкеріне қатысы жоқ себептер бойынша жалпыға қолжетімді болған жағдайлар медицина қызметкері құпиясын бұзу болып табылмайды.

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдесіндегі №235-V ҚРЗ Кодексі. Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы

80-1-бап. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіру

  1. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру, сол сияқты олардың кәсіптік қызметіне:

      1) қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін заңсыз әрекеттер жасауды талап етуден;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерін өздерінің кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартудан;

      3) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдырудан;

      4) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне тауарларды (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді жүктеуден көрінген заңсыз араласу -

      жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

  1. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеуден, әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсетуден, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан көрінген құрметтемеушілік таныту -

      жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

 

  1. Корпоративтік этика кодексі. Этикалық кодекс. Пациенттер құқығын сақтау ережесі мен қызметкерлер этикасы. Этикалық комиссия туралы ереже. «Этикалық комиссияға хабарласу және этикалық нормалардың бұзылу фактілерін қарастыру тәртібінің алгоритмі» СОП.

 

Емханада қабылданған және әрекет етеді:

Корпоративтік этика кодексі – іскери әрекет тәжірибесін қолдану арқылы қызықшылық танытқан тұлғалармен тиімді қарым-қатынасқа әсер ету және корпоративтік мәдениетті дамыту мәселелерін реттейді. Іскери этика – бұл Емхана өз қызметінде, оның басшылығы мен қызметкерлері өз қызметінде басшылыққа алатын іскери қарым-қатынас нормалары мен этикалық қағидаларының жиынтығы.

Этикалық кодекс - №17 ҚЕ қызметкерлері, қоғам мен пациент арасындағы қарым-қатынасты анықтайды, және жеке тұлға мен қоғам тұтастығындағы құқықтар, абыройын, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен қатар өз қызметі үшін қоғам алдында денсаулық сақтау саласы қызметкерінің жоғары моральдық жауапкершілігін анықтайды.

Пациенттер құқығын сақтау ережесі мен қызметкерлер этикасы – пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде персоналдың этика мен деонтология, пациент құқығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Этикалық комиссия туралы ереже – емхана қызметкерлерінің этикалық нормаларды, кәсіптік мінез-құлық пен өзара қатынастар ережелерін сақтауы жөніндегі этикалық комиссияны құру мен оның қызмет тәртібі белгіленеді. Комиссия бас дәрігер бұйрығымен 5 адамнан кем емес құрамда құралады. Төрағасы комиссия отырысында дауыс беру арқылы тағайындалады.

«Этикалық комиссияға хабарласу және этикалық нормалардың бұзылу фактілерін қарастыру тәртібінің алгоритмі» СОП – қызметкерлердің этикалық нормаларын бұзу фактілерін қарастыру тәртібі мен этикалық комиссияға хабарласу ережелері осы стандарттармен белгіленеді.

Этикалық комиссия пациентердің хат-хабарламаларымен қатар №17 ҚЕ қызметкерлерінің өтініш-шағымдарын қарастырады. №17 ҚЕ қызметкерлері хат-хабарламаларын жазбаша түрдегі формада №17 Қалалық емхананың іс жүргізуші-хатшысы арқылы, не Этикалық комиссия төрағасына тікелей беру арқылы ұсына алады.

№17 ҚЕ қызметкері өзі ұсынған хат-хабарламасында хабарласқан тұлғаның АЖТ, оның баланыс мәліметтері мен хабарласу күні көрсетілуі керек. Құпиялы түрде берілген хат-хабарлама қарастырылмайды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініш-шағымдарын қарастыру туралы» Заңға сәйкес жолданған пациенттердің хат-хабарламаларын комиссия қарауына сараптамашы-дәрігер ұсынады.

Қызметкер өтініш-шағымы түскеннен кейін немесе сараптамашы-дәрігер ұсынысынан кейін төраға:

1) отырыс күнін, уақытын және орынын анықтайды. Отырыс уақыты өтініш-шағым түскеннен кейін немесе ұсыныстан кейін қабылданған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кем емес уақытта, қосымша материалдарды зерттеу және қосымша сұраныс жасау қажет кезінде өтініш-шағым түскеннен кейін немесе ұсыныстан кейін хат-хабарлама түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кем емес уақытта  тағайындалады.

Отырыс хабарласқан қызметкердің тікелей қатысуымен, ал пациент хабарламасы жағдайында хат-хабарламада көрсетілген қызметкердің тікелей қатысуымен өткізіледі.

2) отырыстың күн тәртібін бекітеді;

3) отырыстың күн тәртібіне сәйкес мәселелерді қарастыру үшін қажетті материалдар мен құжаттардың (ақпараттардың) тізімін анықтайды;

4) Этикалық комиссияның отырысына шақырылатын қосымша оның емес мүшелері болып табылмайтын тұлғаларды шақыру тізімін анықтайды;

5) отырысты өткізу дайындығына қатысты басқа да мәселелерді шешеді.

Этикалық комиссия отырысын Этикалық комиссия төрағасы өткізеді. Төраға тапсырмасы бойынша комиссия мүшелерінің бірі отырыс хаттамасын жүргізеді.

Этикалық комиссия отырысы Этикалық комиссия мүшелері санының жартысынан астам бөлігі қатысқан жағдайда құқылы болып табылады.

Қарастырылатын мәселе бойынша шешім ашық дауыс беру арқылы Этикалық комиссия мүшелерінің отырыста қатысқандар санының барынша көп дауыс беруі арқылы қабылданады. Дауыс беру саны тең түскен жағдайда төраға дауысы шешім қабылдайтын дауы болып табылады.

Комиссия мүшесі қабылданғаннан шешіммен келіспеген жағдайда, ескерту қосымша берілген хаттама бойынша рәсімделеді.

Хат-хабарламаның қарастырылуы нәтижесі бойынша келесі шешімдердің бірі қабылданады:

1) хат-хабарламаның толық немесе жартылай қанағаттануы бойынша;

2) қабылданған шешімнің негізделуі бойынша хат-хабарламаның қанағаттандырылуынан бас тарту бойынша;

3) хат-хабарламаның мазмұны бойынша түсініктеме беру туралы;

4) хат-хабарламаның қарастырылуын тоқтату бойынша.

  1. Еңбектік даулар. Келісім комиссиясы.

 

         ҚР Еңбек Кодексінің 159 бабына сәйкес «Жеке еңбек дауын қарастыру тәртібіне» сәйкес – жеке еңбек дауы келісім комиссиясымен қарастырылады.

Емханада Келісім комиссиясы туралы Ереже әрекет етеді. Соған сәйкес:

  1. Келісім комиссиясы жеке еңбек дауын шешу бойынша мекеме әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті өкілдерінің тең санынан құралатын тұрақты күшіндегі орган болып табылады. Келісім комиссиясының мүшелерінің саны әр жақтан үш адам саны бойынша құралады.
  2. Кәсіподақ мүшелері комиссияға кәсіподақ мүшелері санынан кәсіподақ комитетінінің қаулысымен анықталады, ал әкімшілік мүшелері – мекеме басшысының бұйрығымен анықталады.
  3. Келісім комиссиясының құрамы қызметкерлер мәліметіне арналған көрнекті орынға орналастырылады.
  4. Келісім комиссиясы жеке еңбек дауын шешу бойынша ұжымдық келісім-шарт мерзіміне тағайындалады. Осы мерзім ішінде екі жақ өкілдерін комиссия құрамын қалыптастыру үшін белгіленген тәртіпте ауыстыра алады, комиссия құралған кездегі мерзімнің бір кезде тоқтатылуына байланысты барлық өкілдердің өкілеттілігі тоқтатылады.
  5. Төраға мен хатшының міндеттері әрбір келісім комиссиясының отырысында кәсіподақ комитетінің өкілдері мен жұмыс берушінің өкілдерімен кезек-кезек орындалады. Сонымен қатар, төраға және хатшы міндеті отырыс барысында біржақты тұлғалардың орындалуымен жүзеге асырылмайды.

Комиссия отырысының әрбір жиналысында келесі жиналыстың шақыртылуымен және дайындығы жүктеле отырып, келесі жиналыстың төрағасы мен хатшысы тағайындалады.

  1. Еңбектік дау бойынша комиссияның техникалық қызмет көрсетілуі (іс жүргізу, іс қағаздарын сақтау, отырыс хаттамаларын дайындау және анықтама беру және тағы да басқалары) жұмыс берушмен жүзеге асырылады. Мекеме басшысы комиссияға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысқа жауапкершілік жүктелетін қызметкерді бұйрығымен тағайындайды.
  2. Келісім комиссиясының іс-қағаздары іс номенклатурасының ерекше бөлігінде, жалпы іс-қағаздарынан бөлек жүргізіледі.